26 сәуір күні «Үлбі» Орталық мәдениет үйінің алдында «Студенттік көктем - 2018» республикалық фестиваліне орайластырылған «Шығармашылық алаң» атты ауқымды  кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Аталмыш шараны «ШҚО жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Кездесуге ШҚМТУ Мансап орталығының «Кәсіби бағдар беру бөлімі», ШҚМТУ «Тәрбие жұмысы басқармасы», ТжКББ білім беру ұйымдары, облыстық және аймақтық жоғары оқу орындары қатысты.

Біздің университет қонақтар назарына көңілді концерттік бағдарлама және қызықты викториналар ұсынды. Сондай-ақ қатысушылар арасында кәсіптік бағдарлау парақшалары мен үнпарақтары таратылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі