2025 жылы 22 тамызда Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы университетінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Конституциялық Сот судьясы, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, адвокатура мен нотариат, сондай-ақ ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдері сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бизнес мектебінің деканы Закимова А.М. мен оқытушы Тоқсанбаев А.А. конференция жұмысына белсенді қатысты. Алпамыс Айтказыұлы «Мемлекеттік тілді дамытудың конституциялық негіздері» тақырыбында баяндама жасады.

Бұл маңызды шара азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесін талқылап, ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік органдардың өзара тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік берді.