Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әскери кафедрасында түлектердің Ант қабылдау рәсімі өтті.

Ант қабылдау – болашақ офицерлер үшін жауапты әрі толқытатын кезең. Бұл – елге адал қызмет етуге, халықты қорғауға және әскери борышты абыроймен орындауға берілген серт.

Іс-шараға университет басшылығы, әскери комиссариат өкілдері мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Олар түлектердің азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы бұл рәсімнің маңызын атап өтті.

Рәсім әскери кафедра түлектерінің салтанатты саптық шеруімен аяқталды.