«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19, телефон 8 (7232) 55-28-50, бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Басшы
  • Техникалық сүйемелдеу басқармасы – 1

Біліктілік талаптары:

  1. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім, кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
  2. Техникалық сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасы басшысының жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары Ұжымдық шартпен, Ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек шарттарымен және өзге де нормативтік актілермен айқындалады.

 

2. Басшы
  • «Smart engineering» құзыреттілік орталығы – 1

Біліктілік талаптары:

  1. «Smart engineering» құзыреттілік орталығының басшысы лауазымына ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі бар, ірі ғылыми еңбектері немесе ашылуларға дипломдары мен өнертабыстарға авторлық куәліктері бар, сондай-ақ тәжірибеде іске асырылған нәтижелері және тиісті білім саласында ғылыми беделі бар, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқарған тұлға тағайындалады.
  2. «Smart engineering» құзыреттілік орталығының басшысы мыналарды білуі тиіс:
    1. тиісті білім саласы, ғылым мен техника бойынша ғылыми мәселелерді, экономика саласының даму бағыттарын, жоғары тұрған және өзге де органдардың басшылық материалдарын, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді;
    2. ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және енгізудің ең жаңа әдістерін, құралдарын және тәжірибесін (бағалау, патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық құжаттаманы шығару және т.б.);
    3. қызметкерлерді экономикалық ынталандыру және материалдық көтермелеу нысандарын;
    4. қолданыстағы заңнаманы;
    5. өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды;
    6. еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын;
    7. іскерлік қарым-қатынас әдебін;
    8. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, мүдделер қақтығысын шешу қағидаларын және университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де ішкі нормативтік құжаттарын.

 

3. Басшы
  • Тілдік құзыреттер орталығы – 1

Біліктілік талаптары:

  1. Ғылыми дәрежесінің болуы;
  2. Білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда немесе тиісті базалық мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
  3. Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы. Шетел тілін А2–В2 және одан жоғары деңгейде меңгеруі.

 

4. Декан орынбасары
  • Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1

Біліктілік талаптары:

  1. Ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы. Ғылыми дәрежесі болмаған жағдайда, тиісті даярлау бағыты бойынша кемінде 7 жыл практикалық жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде 3 жыл басшылық қызметте жұмыс өтілі болуы тиіс;
  2. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл;
  3. Жалпыеуропалық шетел тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес халықаралық сертификатпен расталған В1 деңгейінен төмен емес шетел тілін білуі;
  4. Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы. Шарттардың бірі орындалмаған жағдайда шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

 

5. Мектеп деканы
  • Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1

Біліктілік талаптары:

  1. Ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
  2. Білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда немесе тиісті даярлау бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
  3. Жалпыеуропалық шетел тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес халықаралық сертификатпен расталған В2 деңгейінен төмен емес шетел тілін білуі;
  4. Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы. Шарттардың бірі орындалмаған жағдайда шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.