Құрметті білім алушылар!
2026 жылдың 10-ші маусымнан 15-ші маусымға дейін студенттерге қызмет көрсету орталығында жеке кабинет арқылы оқу процессі барысында босатылған бакалавриаттың жергілікті бюджет қаражаты есебінің (ЖАО гранты) бос гранттарын тағайындау бойынша өтініштер онлайн-қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар шарт негізінде келесі құжаттарды тіркеуі қажет:
- конкурсқа қатысу туралы Басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш (өтініш нысаны өтінім берген кезде қол жетімді болады);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- студенттердің құжаттарына транскриптер студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынады.
Бос гранттар тізімі университет порталында, «Білім алушыға» ® Босатылған білім грантарын ауыстыру туралы бөлімде орналастырылған (сілтеме: https://www.do.ektu.kz/PReports/Statistic/FreeGrants.asp )
Бос гранттар беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық қарыздары жоқ білім алушылар қатыса алады.
Ескертпе: Аталған БББТ бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриаттың вакантты білім беру грантына сол қабылдау жылындағы басқа БББТ білім алушылары қатыса алады.
Конкурс үлгерімнің аралық аттестаттау негізінде GPA орташа балы нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Бос гранттың барлық мәселелері бойынша № Г-1 - 127 Офис-тіркеуші кабинетіне келіп сұрауға болады, тел.: 8 (7232) 540-498
БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
| Код | Білім беру бағдарлама тобы | Оқу түрі | Базалық білім | Оқу мерзімі | Түсу жылы | Барлық бос орындар | Бос орындар саны |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Грант МИО | |||||||
| Бизнес мектебі | |||||||
| B046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Күндізгі | Орта | 4 | 2022 | 1 | 1 |
| Мектеп бойынша барлығы | 1 | 1 | |||||
| Жер туралы ғылымдар мектебі | |||||||
| B071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Күндізгі | Орта | 4 | 2023 | 1 | 1 |
| B075 | Кадастр және жерге орналастыру | Күндізгі | Орта | 4 | 2023 | 3 | 3 |
| Мектеп бойынша барлығы | 4 | 4 | |||||
| Сәулет құрылыс және энергетика мектебі | |||||||
| B073 | Сәулет | Күндізгі | Орта | 5 | 2021 | 2 | 2 |
| B073 | Сәулет | Күндізгі | Орта | 5 | 2023 | 1 | 1 |
| B062 | Электр техникасы және электроэнергетика | Күндізгі | Орта | 4 | 2024 | 1 | 1 |
| B073 | Сәулет | Күндізгі | Орта | 5 | 2024 | 1 | 1 |
| Мектеп бойынша барлығы | 5 | 5 | |||||
| Халықаралық инженерия мектебі | |||||||
| B065 | Көлік техникасы мен технологиялары | Күндізгі | Орта | 4 | 2024 | 2 | 2 |
| B095 | Көлік қызметтері | Күндізгі | Орта | 4 | 2024 | 1 | 1 |
| Мектеп бойынша барлығы | 3 | 3 | |||||
| Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі | |||||||
| B057 | Ақпараттық технологиялар | Күндізгі | Орта | 4 | 2023 | 3 | 3 |
| Мектеп бойынша барлығы | 3 | 3 | |||||
| ЖОО бойынша барлығы | 16 | 16 | |||||