Дуальды оқыту - экономиканың нақты секторының талаптарына барынша жақын кадрларды даярлаудың ең тиімді нысандарының бірі. Қазіргі уақытта университет аймақтың және республиканың бірқатар жетекші кәсіпорындарымен бірлесіп дуальды білім беру бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда, олардың ішінде:
- "Allur"автомобиль компаниясы,
- «Казцинк» ЖШС,
- Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ»,
- «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС,
- «Согра ЖЭО» ЖШС,
- «Өскемен Водоканал» КМК МКК,
- «Қарадала орман шаруашылығы» ҚМУ,
- «АСС Қорған» ЖШС.
Дуальды оқытудың мақсаты - еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби құзыреттіліктердің кең спектріне ие бәсекеге қабілетті кадрларды тәжірибеге бағдарланған даярлау үшін университет пен өндірістің өзара іс-қимыл жүйесін құру.
Тапсырмалар:
- университетте оқытудың өндірістегі (ұйымдағы) кәсіби қызметпен байланысын нығайту;
- нақты өндірістік жағдайларда білім алушыларға білікті мамандардың кәсіби тәжірибесін беру үшін жағдайлар жасау;
- кәсіпорындардың (ұйымдардың)талаптарына дәл сәйкес келетін нақты технологиялық процестерге кадрлар даярлау;
- университет түлектерін табысты жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.
Кадрларды даярлау нысаны
ЖОО бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыруды регламенттейтін негізгі құжаттар:
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 361 Бұйрығы.
- 14.08.2025ж. Е «ШҚТУ» КЕАҚ 143-II-2025 «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Дуалды оқытуды ұйымдастыру туралы ереже.
Дуальды оқытуды ұйымдастыру кезеңдері:
Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық міндеттері
| Академиялық қызмет басқармасы |
|
|---|---|
| Мансап орталығы |
|
| Университет мектептері |
|
| Кәсіпорындар |
|
Дуальды оқытумен қамту
|
|
2024-2025 оқу жылы |
2025-2026 оқу жылы |
|---|---|---|
| Серіктес кәсіпорындар саны | 4 | 8 |
| Білім беру бағдарламаларының саны | 7 | 11 |
| Студенттер саны | 156 | 329 |
Университет серіктестік желіні кеңейтуге және нығайтуға басты назар аудара отырып, дуальды оқытуды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта біз шаралар кешенін іске асырып жатырмыз:
- Серіктестерді тарту: дуальды оқыту туралы жаңа шарттар жасасу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
- Білім беру мазмұнын өзектендіру: жұмыс берушілердің өзекті талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламалары үнемі жаңартылып отырады, сондай-ақ икемді модульдік бағдарламалар әзірленуде.
- Тәлімгерлерді қолдау: студенттерді практикалық даярлау сапасын арттыру үшін кәсіпорындардан тәлімгерлерді ақпараттық-консультациялық қолдау ұйымдастырылды. Осы жұмыс аясында дуальды модельдің принциптері түсіндіріліп, педагогика негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.
- Бірыңғай байланыс нүктесі: біздің серіктестерімізге ыңғайлы болу үшін университетте дуальды оқытудың барлық мәселелері бойынша "бір терезе" рөлін атқаратын жауапты үйлестіруші тағайындалды.
Бұл тәсіл түлектерге тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие нақты құзыреттіліктерге ие болуға, ал кәсіпорындарға болашақ мамандарды нақты өндірістік міндеттерге дайындауға мүмкіндік береді.
Соңғы өзгерістер күні:19.11.2025