ҚОҚ және еңбекті қорғау дамуының негізгі бағыттары

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Васильева Ольга Юрьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында еңбекті қорғау жүйесін дамытудың заманауи бағыттары, кәсіптік тәуекелдерді басқару, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық менеджмент негіздері және Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының талаптары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Қауіпсіз және залалсыз технологиялық максималды өнімділіктегі еңбек жағдайын жеңілдететін және қоршаған ортаға және жұмысшыға минималды зияндылық әкелетін үрдістер теориялық және практикалық негізін меңгерген, және де инженерлік тәуекел және қабылданған инженерлік шешім сенімділікпен басқару негізіндегі тіршілік әрекеті және қоршаған ортаны қорғау экспертті-аналитикалық бағалау әдісін білетін мамандарды дайындау.
Міндет
  • Тіршілік ортаға табиғи, антропогендік және техногендік түрдегі жағымсыз әсерлердің дамуын болжамдау, олардың зиянды және қауіпті жағдайлардағы нысандар және техникалық жүйелердің жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз етудегі әрекетінің салдарын бағалау білімін студенттердің жетік меңгеруі пәннің негізгі міндеті болып табылады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және қоршаған ортаны қорғау саласында заңдылық және нормативтік-техникалық акттерін білу, меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқып үйрену нәтижесінде ҚР санитарлық заңдылықтарын; өндірістік ортаға және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын гигиеналық талаптарды; нысандарды жобалағанда санитарлық талаптарды; зиянды және қауіпті факторларды,олардың адам ағзасына қауіптілігін ескертетін шараларды білуі керек. Мәліметтерді жүйелей және сараптауды өндірістік ғимараттарда гигиеналық жағдайлар мен санитарлық нормалар бойынша есептеулерді жүзеге асыруды; адам ағзасында өндірістік факторлардың қауіптілік әсерін төмендетудін нақты есептерін шешуді; практикалық есептерді шешуде санитарлық заңнамаларды қабылдауды білуі тиіс. Өндірістік ғимараттарының гигиеналық талаптары мен санитарлық нормаларын инженер ретінде сараптауға машықтануы қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Еңбекті қорғау және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормативтік-техникалық және санитарлық-гигиеналық құжаттарды меңгеру. Жұмысшылар мен тұрғындар денсаулығын қорғауға байланысты нормативтік-техникалық мәселелер туралы түсініктері болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндірістік ортада жұмысшылардың және қоршаған ортада тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби атқару және гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әдістемелер мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Еңбекті қорғау және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын сызбалар, құралдар, аспаптар және жүйелерді әзірлеу және жобалау әдістемесіндегі білімді, біліктілікті жетілдіру.