Қала ауасының ластануының климаттық ерекшеліктері және метеорологиялық потенциал

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән метеорологиялық факторлардың (температуралық инверсиялар, жел режимі, ылғалдылық) және климаттық жағдайлардың қалалық атмосферадағы ластаушы заттардың жинақталуы мен таралу процестеріне әсерін зерттеуге бағытталған. Студенттер синоптикалық деректерді талдау, қоспаларды тасымалдауды модельдеу және жергілікті климатты қалыптастырудағы урбанизацияланған аумақтардың рөлін бағалау әдістерін меңгеруі керек. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер ауаның ластану деңгейін болжай алады, климаттық тәуекелдерді ескере отырып шығарындыларды азайту бойынша ұсыныстар жасай алады және экологиялық тиімді қала құрылысын жоспарлай алады.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарында, климаттық экологиялық байланыстағы зерттеулерде метеорологиялық мәліметтер жинағын қолдану негіздері туралы білімдерінің негізін қалау болып табылады.
Міндет
  • жер атмосферасының құрылысы мен құрамы туралы, оның дамуы мен эволюциясы туралы, қалалардағы ауаның ластануының метеорологиялық потенциалы туралы білімдерін және метеорологиялық және климаттық материалдарға талдама жасау және өңдеу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • қалалар ауасының ластануының климаттық ерекшеліктері мен климаттық сипаттамаларын, атмосфераның метеорологиялық ластану потенциалын есептеу мен бағалау әдістемесін білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастырып , жүргізе білуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сәйкес ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы адамзат қоғамында өтіп жатқан үрдістер мент адамның тиімді тіршілік ортасы туралы өмірлік көзқарастарын ың қалыптасуына ықпал ету
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Атмосфералық үрдістер мен аймақтық ауа райының түрлеріне өз бағасын беру. ауаның зиянды заттармен ластануының салдарларын болжау. Нормативті-құқықтық актілермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу және олардың талдауын жүргізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • атмосферада өтетін үрдістер, құбылыстар мен факторларға сипаттама беруді, метеорологиялық және климаттық материалдарды өңдеп және талдауды, метеорологиялық және аэрологиялық бақылау нәтижелері бір уақытта енгізілген синоптикалық және географиялық карталарды талдау әдістемелеін орындау қабілеттілігі мен дағдысын қалыптастыру