Экология және қоршаған ортаны басқарудың заманауи мәселелері

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нәтижесінде туындайтын өзекті экологиялық сын-қатерлерді, сондай-ақ оларды шешудің ғылыми және технологиялық тәсілдерін қамтиды. Магистранттар климаттың өзгеруі, атмосфералық ауаның, су ресурстарының және топырақтың ластануы, биоәртүрліліктің жоғалуы және табиғи ресурстардың сарқылуын қоса алғанда, жаһандық және аймақтық экологиялық дағдарыстардың механизмдерін зерттейді. Экологиялық таза технологияларға, айналмалы экономикаға, жасыл химияға, жаңартылатын энергия көздеріне және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтудың инновациялық әдістеріне ерекше назар аударылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Магистранттарда заманауи экологиялық проблемаларды терең түсінуді қалыптастыру және табиғатты қорғаудың инновациялық технологиялары мен табиғатты пайдаланудың тұрақты стратегияларын талдау, бағалау және қолдану дағдыларын дамыту.
Міндет
  • 1. Жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді талдау. 2. Табиғатты пайдаланудың тұрақты тәсілдерін қарастыру. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық стратегияларды зерттеу. 4. Экологиялық менеджмент және тұрақты дамуды бағалау саласындағы құзыреттерді дамыту. 5. Экологиялық-экономикалық модельдерді әзірлеу, деректерді талдау және табиғатты пайдалану саласында шешімдер қабылдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.