Ғылыми-инновациялық қызмет әдістемесі
Сипаттама: Пән ғылыми және инновациялық қызметпен байланысты негізгі ұғымдарды, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, әзірлемелерге және олардың нәтижелеріне қойылатын нормативтік талаптарды қарастырады. Теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы мәселелері, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу, талдау, бағалау және ұсыну әдіснамасының мәселелері баяндалады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Бұл пәнді оқытудың мақсаты-магистранттардың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласындағы құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тиімділігін анықтайтын тәсілдерді талдау мен қолдануда теориялық және практикалық дайындық.
Міндет
- Негізгі міндеттерге ғылыми таным әдістерін зерттеу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу принциптерін меңгеру, алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту, сондай-ақ инновациялық жобаларды басқару әдістерін меңгеру жатады.