Институттің мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетін тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 22 қыркүйекте Германияның жетекші техникалық университеттерімен бірлесіп Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын дамыту жөніндегі консорциум құру туралы келісімге (бірлескен қызмет туралы келісім) қол қойылды.

Консорциум құрамына келесі университеттер кірді:

  • «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ (Қазақстан);
  • Қазақстан-Неміс университеті (Қазақстан);
  • Фрайберг тау-кен академиясы (Германия);
  • Бохум Рур университеті (Германия);
  • Клаусталь техникалық университеті (Германия);
  • Дортмунд техникалық университеті (Германия);
  • Дуйсбург-Эссен университеті (Германия).

Жетекші техникалық университеттердің консорциумын құру ең алдымен ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім алмасуды дамытуға, сондай-ақ халықаралық ғылыми өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.

Келісімді іске асыру аясында Консорциум мүшелері Институтты келесі басым бағыттар бойынша дамытуға қолдау көрсетуге өзара дайын екендіктерін білдірді:

  • геология және пайдалы қазбаларды барлау;
  • циркулярлы тау-кен ісі;
  • зияткерлік материалдар;
  • экологиялық және энергетикалық технологиялар.

Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтының серіктестері

Freiberg Mining Academy
Ruhr University Bochum
TU Dortmund University
University of Duisburg-Essen
Clausthal University of Technology
Brandenburg University of Technology (BTU) Cottbus-Senftenberg
University of Stuttgart
Georg Agricola University of Applied Sciences
Technische Hochschule Nürnberg Georg Simon Ohm
Fraunhofer Institute for Production Systems and Design Technology
Соңғы өзгерістер күні:
17.02.2026