
Құрылған жылы: 2024
Ұйымдастыру базасы: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ), Өскемен қ.
Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтудың маңызды көрсеткіштерінің бірі — 2024 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында құрылған Қазақ-неміс ғылым және технология институты (ҚНҒТИ). Бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан және Неміс университеттерінің ректорлары форумында қол қойылған шеңберлік келісімнің нәтижесінде іске асты.
Институттың негізгі мақсаты — инженерия және білім беру саласындағы озық неміс тәжірибесін енгізу. Бұл өз кезегінде өңірдің тұрақты дамуына, Шығыс Қазақстан облысының экономикалық және адами капиталының артуына жаңа серпін береді.
Институттың құрылу мақсаты
- Қазақстан мен Германия арасында бірлескен ғылыми және білім беру кеңістігін дамыту
- Жас ғалымдарды қолдау және оларды халықаралық ғылыми ортаға интеграциялау
- Инженерлік және технологиялық озық шешімдерді енгізу
- Шығыс Қазақстан өңірінің ғылыми әлеуетін қалыптастыру
Стратегиялық маңызды салалар бойынша мамандар даярлау: металлургия, тау-кен ісі, геология, тұрақты даму, материалтану және т.б.
Халықаралық серіктестер:
- Фрайберг Тау-кен академиясының техникалық университеті (Германия)
- Клаусталь техникалық университеті
- Бохум Рур университеті
- Дортмунд техникалық университеті
- Бранденбург техникалық университеті Котбус-Зенфтенберг (BTU)
- Штутгарт университеті
- Дуйсбург-Эссен университеті
Қолдау:
Жоба DAAD, DFG және басқа да халықаралық ғылыми қорлардың бағдарламаларымен қолдау табады.
ҚНҒТИ қызметінің бағыттары:
Білім беру бағыттары
Екі дипломды магистрлік бағдарламалар әзірленуде:
- «Металлургия» – Бранденбург техникалық университеті Котбус-Зенфтенберг
- «Қолданбалы геология» – Бохум Рур университеті
- «Геомеханика» – Клаусталь техникалық университеті
- «Механика және металл өңдеу» – Фрайберг Тау-кен академиясының техникалық университеті
Ғылыми-зерттеу қызметі
ҚНҒТИ үш басым ғылыми бағытты қамтиды:
- Металлургия және материалтану
- Геодезия, геология және тау-кен ісі
- Тұрақты даму және экология
25.11.2025
