2023 жылдың сәуір айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) мен Германияның Котбус-Зенфтенберг Бранденбург технологиялық университеті (BTU) арасында магистратураның қос дипломды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бағдарлама ШҚТУ-дың «Металлургия» білім беру бағдарламасы мен BTU-дың «Жеңіл машина жасау және материалдар технологиясы» магистратура бағдарламасының интеграциясына негізделген.

ШҚТУ оқу бағдарламасына сілтеме: /departments/sc_mecheng/eduproglist/magistracy/metallurgy.aspx

BTU оқу бағдарламасына сілтеме: https://www.b-tu.de/en/leichtbau-werkstofftechnologie-ms

Бағдарлама шеңберінде білім алушылар келісілген оқу траекториясы бойынша оқуға, ШҚТУ мен BTU-дың заманауи жоғары технологиялық зертханалық жабдықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, сондай-ақ ғылыми жобаларға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына және тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасының мақсаты - материалдарды жобалау және өндіріс жағдайында металдарды дайын өнімге дейін өңдеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және тереңдету. Бағдарламаны аяқтаған түлектер материалтану, өндіріс технологиялары, модельдеу әдістері және инженерлік жобалау салаларында жан-жақты білім мен практикалық дағдыларға ие болады, сондай-ақ жеңіл конструкциялар әзірлеу және жобалау құзыреттерін меңгереді. Бағдарлама пәнаралық сипатқа ие болып, түрлі ғылыми-зерттеу салаларын және олардың практикалық қолданылуын қамтитын технологиялық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:

  • инженерлік бағыттағы бакалавр дәрежесі (металлургия, материалдар технологиясы, машина жасау немесе материалтану салалары бойынша);
  • неміс тілін B2-C1 деңгейінде меңгеру (ШҚТУ білім алушылары сертификатты бірінші оқу жылын аяқтағаннан кейін ұсынады).

 

Соңғы өзгерістер күні:
09.12.2025