Конкурс атауы: ғылыми гранттарды қаржыландыру және (немесе) 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар.

Жоба жетекшісі: Суйеубаева Салтанат Нурболсыновна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері
 1 Козлова Марина Васильевна Аға ғылыми қызметкер ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3381-4997,
Scopus Author ID: 56658397100
Жас ғалымдар (40 жасқа дейін + оқытушылар (студенттер, магистранттар))
ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері Ескерту (ПОҚ, студент, магистрант, докторант)
1 Саденова Асель Маратовна Ғылыми қызметкер ORCID: https://orcid.org/0000-0003-4052-8830 постдокторант
2 Серегина Екатерина Романовна Ғылыми қызметкер

 

Өндірістегі қызметкер
3 Вдовина Дарья Владимировна Ғылыми қызметкер   Өндірістегі қызметкер
4 Ерзатова Мөлдір Ерзатқызы Кіші ғылыми қызметкер   магистрант

Жобаның аңдатпасы

Қазақстанда 4.0 Индустриясына көшу процесінің негізгі міндеттерінің бірі жоғары технологиялық өндірісті дамыту болып табылады. Сапалы адами капитал өндірістің жоғары технологиялық түрлерін, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға және инновациялық кәсіпкерліктің белсенділігін арттыруға әкеп соғатыны жалпыға бірдей танылған.

Аталмыш жоба адами капитал құзыреттерінің кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық дамуына әсерін айқындау жолымен Қазақстанның ғылыми-технологиялық даму сценарийлерін анықтауға бағытталған, себебі технологиялық өзгерістерді жүзеге асыруға және экономиканың 4.0 Индустрияға көшуіне қабілетті кадрлар сұранысқа ие болып келеді.

Зерттеу келесі гипотезаларды тексеруді талап етеді:

  • Адами капитал құзыреттерінің белгілі бір жиынтығымен кәсіпкерлік құрылымдар технологиялық дамуға қайта бағдарлануға дайын болады;
  • Жағдайды уақтылы талдау және болжамды даму мемлекеттік құрылымдарға адами капиталдың жаңа құзыреттерін қалыптастыру үшін елдің инновациялық климатын құруға мүмкіндік береді, ал ЖОО мен жұмыс беруші кәсіпорындар 4.0 Индустрияға көшу процестеріне белсенді түрде тартылатын болады.

Мақсаты:

Кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділігін арттыру үшін Қазақстандағы 4.0 Индустрияға көшу процестеріне елеулі әсер ететін адами капиталдың сапасын сипаттайтын факторларды анықтау.

Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

1. Қалыптасқан өнеркәсіптік-өндірістік өңірлік ерекшелікті көрсететін ЖОО инженерлік кадрларын даярлау бағыттарын талдау ұлттық еңбек нарығындағы мамандар ұсынысының көлемін және оларды өнеркәсіптік өңірлерде одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

2. 4.0 Индустрияға көшу процесінің қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, адами капиталдың мемлекеттің экономикалық өсуіне әсерін бағалау үшін экономикалық-математикалық модель әзірлеу.
3. Жоғары инженерлік білім беруді одан әрі реформалау жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдер білім беру сапасының жоғары деңгейін, кәсіпкерлік және технологиялық ойлауды дамытуды қамтамасыз етеді. Өірлер бөлігінде базалық салалар бойынша білікті кадрларға қажеттілік болжамы өнеркәсіптік технологиялар мен инновацияларды енгізу процестерін жандандыру үшін адами капиталдың ұлттық, өңірлік, жеке және мәдени сипаттамаларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

4. Ресурстық-процестік тәсілді қолдану негізінде 4.0 Индустрияға көшу бойынша өмірлік циклдің әрбір кезеңінде жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін салаларда адами капиталды дамыту құзыреттіліктер картасының моделін әзірлеу.

Жобаны іске асыру әсерлердің келесі түрлеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады:

  • Ғылыми-техникалық әсер – әлемдік экономикадағы үстем үрдістерді зерттеу Қазақстан экономикасының технологиялық құрылымының деңгейін және экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу үшін жағдайларды айқындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Қазақстан өңірлерінің өнеркәсіп салаларын технологиялық дамытудың қазіргі заманғы үрдістерінің негізгі бағыттары айқындалатын болады және 4.0 Индустрияға көшуге кедергі келтіретін проблемалар айқындалатын болады.
  • Экономикалық әсер – инновациялық даму контекстінде инновациялық-бағдарланған кәсіпкерлік құрылымдардың адами капиталының сапасын арттыру есебінен елдің экономикалық өсуіне жәрдемдесу.
  • Әлеуметтік әсер – кәсіпкерлік құрылымдар бизнестің технологиялық құрылымын жетілдіру үшін жаңа құзыреттерге ие адами ресурстарға мүдделі және техникалық жоғары оқу орындарының түлектер арасында жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, бұл зерттеу адами капитал теориясын дамытуға, экономикалық жүйенің әртүрлі деңгейлеріне қатысты адами капиталды дамыту арқылы кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділігін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерін қалыптастыруға; осы саладағы шешілетін проблемалардың күрделілік деңгейі туралы идеяны тереңдетуге және кеңейтуге; білім беру және кадрларды даярлау жүйелерін жетілдіру негізінде адами капиталдың білімі мен кәсіби құзыреттілігінің өсу процестерін реттеудің басым бағыттарын негіздеуге мүмкіндік береді.

Жыл Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
2023 жыл

1) Тұран университетінің хабаршысы журналының 2023 ж. №3 басылымында (ҚР ҒжЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған) 1 мақала жарияланды.

Саденова А.М., Козлова М.В., Суйеубаева С.Н., Серегина Е.Р. Экономикалық күрделілік индексі, оның әсері және жұмыссыздық деңгейімен байланысы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2023;(3):368-383. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2023-1-3-368-383

2) 22-ГФМК-1 тобының студенті Дарханқызы Гүлжан және «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ ғылыми қызметкері Вдовина Дарья, А.М. Саденованың жетекшілігімен 2023 жылдың 5 қазанда Пенза қаласында өткен «Экономика, қаржы және менеджмент: теория мен практикадағы өзекті мәселелер» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция қатысушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Тақырыбы: «Индустрия 4.0 ықпалындағы адам ресурстарын басқару». https://naukaip.ru/wp-content/uploads/2023/10/MK-1812.pdf 

3) «Social медиа маркетинг» ББ магистранты Ерзатова Мөлдір С.Н. Суйеубаева мен А.М. Саденованың жетекшілігімен 2023 жылғы 27 қазанда Павлодар қаласында өткен «XV Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Тақырыбы: «Индустрия 4.0-ге көшу кезіндегі адами капиталды дамытудың теориялық аспектілері». http://surl.li/pyenu

4) Памуккале университетіндегі (Түркия) шетелдік тағылымдама

2023 жылғы 16–30 қазан аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қызметкерлері – Салтанат Сүиенбаева және Әсел Саденова – 144 сағат көлемінде Түркиядағы Памуккале университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында қатысушылар экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қызметімен танысып, деканат өкілдерімен кездесті, академиялық алмасулар мүмкіндіктерін және қос дипломды бағдарламалар құру бастамасын талқылады. Ерекше көңіл кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділігі және Индустрия 4.0 жағдайындағы адами капиталдың рөлі мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар технопаркке бару ұйымдастырылып, онда зерттеулерді коммерцияландыру және стартаптарды қолдау бойынша табысты тәжірибелер ұсынылды.

Тағылымдамамен қатар делегация Istanbul University және National Defence University оқу орындарын да аралап, профессорлармен кездесіп, әлемдік білім беру тәжірибесін интеграциялау, сондай-ақ студенттік стартаптардың табысты үлгілерімен танысу бойынша пікір алмасты.

Тағылымдама мен сапарлар нәтижесінде Түркия университеттерімен халықаралық ғылыми байланыстар нығайып, стратегиялық әріптестіктер орнатылды, бірлескен мақала жариялауға дайындалды, сонымен қатар ғылыми ынтымақтастық пен академиялық алмасудың жаңа бағыттары айқындалды.

5) Суйеубаева С.Н. және Саденова А.М. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында ұзақтығы 72 академиялық сағатты құрайтын «Ғылыми зерттеу әдістемесі: деректерді жинау мен талдаудың сандық және сапалық әдістері» атты әдістемелік онлайн-мектебінде оқуды аяқтады.

2024 жыл

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынған журналдарда 1 мақала жарық көрді:

1) Суйеубаева С.Н., Козлова М., Ozpence O. Қазақстан Республикасының аграрлық секторында цифрлық кеңістікте адами капиталды қалыптастыру // Аграрлық нарық проблемалары. – 2024. – №1. – Б.219-230. https://doi.org/10.46666/2024-1.2708-9991.19.

Халықаралық конференция материалдарында 3 мақала жарияланды:

1) Даутхан А.М., Вдовина Д.М. «Елдік және өңірлік деңгейде адами капиталдың сапасын кешенді бағалау» // Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына: Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған студенттердің, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың X Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары, 11-12 сәуір 2024 ж. – Өскемен: ШҚТУ, 2024. – V б. – Б.147-151.

2) Бауржанов Д., Саденова А.М. «Кәсіпкерлік құрылымдармен жасанды интеллектті қолданудың теориялық аспектілері» // Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына: Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған студенттердің, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың X Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары, 11-12 сәуір 2024 ж.. – Өскемен: ШҚТУ, 2024. – V б. – Б.68-72.

3) Sadenova, A., Suieubayeva, S Globalization 4.0 and the World Economy: Challenges and New Growth Models // Proceedings of the 8th International Scientific Conference «Scientific Results» (November 7-8, 2024). Rome, Italy, 2024. 460p. – Р.289-299. DOI 10.5281/zenodo.14064138.

Малайзиядағы ISSTM-TEd 2024 халықаралық симпозиумына қатысу

2024 жылғы 12–20 қазан аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қызметкерлері – Салтанат Сүиенбаева мен Әсел Саденова – Малайзия, Куала-Лумпур қаласындағы MARA Технология Университетінде (UiTM) өткен жоғары білім беру үшін стратегия және трансформациялық басқару жөніндегі халықаралық симпозиумға (ISSTM-TEd 2024) қатысты.

Симпозиум аясында AP19578464 жобасы бойынша «Индустрия 4.0 жағдайында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құрылымдарының инновациялық белсенділік деңгейіне адами капитал сапасының ықпалы» тақырыбындағы зерттеу нәтижелері ұсынылды. Баяндама халықаралық сарапшылардың қызығушылығын тудырып, зерттеуді одан әрі дамыту үшін құнды пікірлер берілді.

Іссапарға қатысушылар UiTM-нің инновациялық инфрақұрылымымен танысты: инженерлік зертханалар, зерттеулерді коммерцияландыру орталықтары (BITCOM, UiTM-MTDC Technopreneur Centre, IRMI), сондай-ақ CDIO бастамасы аясындағы студенттік жобалар. Алынған білім мен тәжірибе Қазақстандағы кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық әлеуетін дамытуға шетелдік университеттердің үздік тәжірибелерін бейімдеуге мүмкіндік береді.

2025 жыл

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынған журналдарда 2 мақала жарық көрді:

  • Денисова О.К., Конурбаева Ж.Т., Суйеубаева С.Н., Козлова М.В. Инженерлік кадрларды даярлауды бағалау: шығыс Қазақстан облысы жұмыс берушілерінің қажеттіліктерін зерттеу. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2025; (2): 516-529. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-2-516-529.   
  • Sadenova, A., Suieubayeva, S., Kozlova, M. & Słoniec, J. (2025). Competency Mapping for Industry 4.0: An Empirical Study of Kazakhstan’s Entrepreneurial Sector. Eurasian Journal of Economic and Business Studies, 69(3), 19-35. DOI: https://doi.org/110.47703/ejebs.v69i3.492.

Scopus-те индекстелген рецензияланатын ғылыми журналда 1 мақала жарияланған:

  • Suieubayeva, S., Aimurzina, B., Kamenova, M.,  Karipova, A., Kozlova, M., and Sadenova, A Activating the Social Responsibility of Business Structures in the Context of Transition 4.0 as a Condition for Effective Economic Management //Montenegrin Journal of Economics. Volume 21, No. 1, pp. 157-168. (Scopus дерекқорындағы процентиль: Economics, Econometrics and Finance: General Economics, Econometrics and Finance – 76).
    DOI: https://doi.org/10.14254/1800-5845/2025.21-1.12.

Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарияланды:

  • Суйеубаева С.Н., Козлова М.В., Серегина Е.Р., Геминхан Е. Индустрия 4.0 және Қазақстандағы технологиялық құрылымдардың ауысуы контекстінде адами капиталды дамыту // Халықаралық ғылыми журнал «IN THE WORLD OF SCIENCE AND EDUCATION». Экономикалық ғылымдар. 11 (11) – 2025. – шілде. – Б.58-66.  DOI: https://doi.org/10.5281/zenodo.16419299.
Соңғы өзгерістер күні:
15.10.2025