«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және қайта өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Ревуцкий Александр Владимировичтің «8D07202 – Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Техникалық берилийдің сапасын арттыру және ұнтақты металлургиясы процестерін жетілдіру бойынша зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Халықаралық инженерия мектебі негізінде орындалған.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Сырнев Борис Владимирович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан;
  2. Лопатин Владимир Юрьевич – техника ғылымдарының кандидаты, «МИСИС» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің доценті, Мәскеу қ., Ресей.

Ресми рецензенттер:

  1. Достаева Ардақ Мұхамедиқызы – философия докторы (PhD), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Хирш индексі – 5.
  2. Попов Федор Евгеньевич – 8D07202 «Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ бойынша философия докторы (PhD), «Nazarbayev University Research Administration» ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы, Хирш индексі – 3.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

  1. Олейникова Наталья Васильевна – техника ғылымдарының докторы, доцент, Сібір федералдық университеті Түсті металдар металлургиясы кафедрасының профессоры, Красноярск қ., Ресей Федерациясы. Хирш индексі – 8;
  2. Бақытұлы Наурызбек – философия докторы (PhD), «Металлургия және байыту институты» АҚ «Физикалық талдау әдістері» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 6;
  3. Жакупов Алибек Ныгматуллович – философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ (Toraighyrov University) Металлургия, машина жасау және көлік факультеті «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), Павлодар қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 3.

Қорғау өтетін уақыты мен орны:2026 жылғы 14 қараша, сағат 13:00-де «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеуші салалар» даярлау бағыты бойынша 8D07202 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекенжайда өтеді: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық инженерия мектебі, Г-1-115 аудиториясы.

Сайт адресі: www.ektu.kz 

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/84346031584?pwd=wehh44osOre56Mat6OGVoK63VfdD8W.1

Конференция идентификаторы: 843 4603 1584

Кіру коды: 487872

Ғылыми хатшы: (PhD), қауымдастырылған профессор Абдулина С.А. тел.: +7 (705) 416-80-60. E-mail: SAbdulina@edu.ektu.kz


Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Жариялау күні: 14.10.2026


Хабарландырулар тізімiне қайта оралу

Соңғы өзгерістер күні:
16.10.2026