«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеуші салалар» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07202 «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кабылканов Султан Кайырбековичтің «Кешенді кремний алюминийлі тотықсыздандырғыш қолданып, хром-марганец лигатурасын балқыту технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның Халықаралық инженерия мектебінде және Ж. Әбішев ат. Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Абдулина Сауле Амангельдыевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ, Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Махамбетов Ерболат Нысаналыулы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Юджел Онуралп (Yücel Onuralp) – философия докторы (PhD), профессор, Ыстамбұл техникалық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, Ыстамбұл қ., Түркия.
Ресми рецензенттер:
- Меркибаев Ерик Серикович – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 4.
- Маханбетова Бактыгул Алимжановна – философия докторы (PhD), «Триумф М.М.С» ЖШС-нің зертхана меңгерушісі, М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Силикаттар технологиясы және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 2.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
- Маткаримов Сохибжон Турдалиевич – техника ғылымдарының докторы, И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы. Хирш индексі – 10.
- Бахытулы Наурызбек – философия докторы (PhD), «Металлургия және байыту институты» АҚ «Талдаудың физикалық әдістері» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 6.
- Тажиев Елеусиз Болатович – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 3.
Қорғау өтетін уақыты мен орны: 2026 жылғы 10 шілде, сағат 9:00-де «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеуші салалар» даярлау бағыты бойынша 8D07202 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекенжайда өтеді: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19, Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық инженерия мектебі, Г-1-115 аудиториясы.
Сайт адресі: www.ektu.kz
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/81526180851?pwd=M0L2WGbdbFn2mRsImuFlg4XVmxKXIN.1
Конференция идентификаторы: 815 2618 0851
Кіру коды: 497202
Ғылыми хатшы: PhD, қауымдастырылған профессор С.А. Абдулина, тел: +7 (705) 416-80-60, E-mail: SAbdulina@edu.ektu.kz
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 09.06.2026
Хабарландырулар тізімiне қайта оралу
Соңғы өзгерістер күні:11.06.2026