Қ.И. Сәтбаевтің 120 жылдығына  арналған «Қазақстанның жер қойнауы - елдің  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  атты халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы 2019 жылдың 12  сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізіледі.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:

  • Геология және жер қойнауын пайдаланудағы инновациялық тәсілдер;
  • Минералды және техногенді  шикізатты өңдеуге арналған заманауи және келешегі  бар технологиялар;
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі: қазіргі заманғы қиындықтар;
  • Геодезия, жерге орналастыру, картография және кадастрдың қазіргі жағдайы мен даму келешегі;
  • Академик Қаныш Сәтбаевтың рухани мұрасына қазіргі заманауи көзқарас.

Маңызды күндер:

  • 24 ақпан 2019 жыл Конференцияға қатысу өтініштерін ұсыну және баяндама атауы .
  • 10 наурыз 2019 жыл Мәліметтерді қабылдаудың аяқталуы
  • 12 сәуір 2019 жыл Конференцияны өткізу

Ақпараттық хат

Қ.И. Сəтбаевтың 120 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалы