Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Төртінші индустриалдық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау қажеттігін атап өтті.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ студенттері әлеуметтік, шығармашылық және спорт салаларында кәсіби дамуға толық жағдай жасалынған жарқын әрі қызықты студенттік өмірде кешуде.

Спорт - жаман әдеттерге балама, ал салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі. Спорт денсаулықты сақтауға және жақсартуға көмектеседі. Университетте студенттер арасында спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған.

Университетте спорт түрлері жүйеленген сипатқа ие. Білім беру жүктемесіне сәйкес дене шынықтыру пәндерінен бөлек, дарынды студенттерді анықтау, оларды спорттық секциялар жұмысына тарту және олардың жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуы ұйымдастырылады.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-да өткізілетін барлық іс-шараларды біріктіретін бір мақсаты - жастарға спорттың қазіргі заманның сәнді тенденциясы екенін көрсету.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі