2018 жылдың 11-18 шілде аралығында Б. Александров атындағы спорт сарайында Азия клубтық командалары қатысатын әйелдер арасында волейболдан чемпионат өтеді.

Жарыстың қорытындысы бойынша 2019 жылы әлем чемпионатының қатысушылары анықталады. Қазақстан атынан екі дүркін республика чемпионы - ШҚО-лық «Алтай» командасы өнер көрсетеді. Айта кету керек, клубтық волейбол командалары арасындағы Азия Чемпионаты

- бұл Азия волейбол конфедерациясының (AVC) ұйымдастыруымен 1999 жылдан бастап аймақтағы үздік ерлер және әйелдер клубы командалары арасында жыл сайын өткізілетін жарыс.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі