Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегі Еркін Тұрарұлы Тұраров Алтай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Еркін Тұрарұлы 2008 жылы университетімізді «Сәулет өнері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында мемлекеттік басқару, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және өңірлік инфрақұрылымды дамыту бағыттарында мол кәсіби тәжірибе жинақтады.

ШҚТУ үшін түлектеріміздің өндіріс пен инженерияда, ғылым мен технология саласында ғана емес, мемлекеттік қызметте де кәсіби білімі мен тәжірибесін ел игілігіне жұмсап, өңірдің дамуына үлес қосып жүргені ерекше мақтаныш.

Еркін Тұрарұлының жауапты қызметке тағайындалуы – оның кәсіби жолындағы жаңа кезең әрі ШҚТУ түлегінің табысты еңбек жолының жарқын үлгісі. Университет түлектерінің кәсібилігі, білімі мен туған өлкенің дамуына қосқан үлесі – оқу ордамыздың қалыптасқан инженерлік мектебі мен білім беру дәстүрінің нақты нәтижесі.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Еркін Тұрарұлы Тұраровты Алтай ауданының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтайды!

Жаңа қызметінде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды табысты жүзеге асыруына тілектестік білдіреміз. Ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс, нәтижелі жұмыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Түлектеріміздің жетістігі – университетіміздің мақтанышы!