26-27 наурызда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Берлиннің Техникалық университетіндегі (Германия) Фольксваген фондымен бірлесіп өткізілген, халықаралық  «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспортық жүйені зерттеу» жобасының кездесу-талқылауына қатысты.

Біздің университетті осы шарада «Технологиялық машиналар және транспорт» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алина Ким таныстырды. Сонымен қатар, кездесуге Халықаралық серіктестік және интернациоландыру Департаментінің Директор-Проректоры Талант Рыспаев эксперт ретінде қатысты.

Кездесуде осы жобадағы үміткерлердің қатысу шараларына байланысты, 2017-2019 жж. жобаны жүзеге асыру аясында жүргізілетін зерттеу тақырыптары анықталды.

ШҚМТУ осы халықаралық жобаға қатысуы біздің магистранттар, докторанттар және профессорлық-оқытушылық құрам үшін таңдалынған бағыттар бойынша зерттеу жүргізулеріне, Германияда 3 ай көлемінде тағылымдамадан өтуге, зерттеу нәтижелерін қазақстандық басылымдардан ғана емес, сонымен қатар шетелдік басылымдардан да жариялауға, сонымен қатар Орталық Азияның үш мемлекетінде (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Иранда ұйымдастырылатын жазғы мектептерге қатысуға  мүмкіндік береді. Толығымен Фольксваген фондымен қаржыландырылатын «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспортық жүйені зерттеу» жобасын біздің университетімізде Халықаралық Жоғары Техникалық Мектеп Өскемен (ITPS OK) ұйымдастырады.