Бос қызмет орындар жәрмеңкесі Б. Александров атындағы спорт сарайында өтті. Шараға түрлі салалар мен бағыттарда қызмет атқаратын 50-ге жуық кәсіпорындар өкілдері қатысты. Іс-шара қалалық жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылды. Барлығы 300-ге жуық бос қызмет орны ұсынылды.

Жәрмеңкеде барысында өзара қарым-қатынас аймағы ұйымдастырылды - біздің университет пен колледж өкілдері кәсіптік бағдар беру бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, мамандықтар туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде, мектеп бітірушілері ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, қатарымызға қосылуға ниетті екендіктерін білдірді.

- «Студенттік көктем-2018» концерттен кейін Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ға баруға үлкен ықыласым оянды. Бұл университетдегі студенттік өмір қанық әрі жарқын оқиғаларға толы деп есептеймін, - деді Арыстанбек есімді мектеп бітіруші түлек.

Жәрмеңке мақсаты - мектептердің 9-11 сынып оқушыларына Өскемендік жоғары оқу орындары және орта білім беру мекемелерімен таныстыру, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі