Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ пікірталас клубының президенті Дархан Әшімов болашақ мұғалімдерге арналған «Үш тілде білім беруге  көшу кезеңінде  ағылшын тілінде оқыту және білім алу: зерттеу, қиындықтар  және жетістіктер» атты I Халықаралық студенттік конференцияға қатысты. Іс-шара 2018 жылдың 14-15 наурызында Шымкент қаласында өтті. Конференция OxfordUniversityPress және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Дипломатиялық Миссиясы Қазақстандық ағылшын мұғалімдерінің ұлттық ассоциациясы (KazTEA) ұйымдастырды.

Конференцияға АҚШ Мемлекеттік департаментінің тілдік бағдарламалар бөлімінің аймақтық директоры Тимоти Коллинз, Орталық Азиядағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы «Оксфорд Юнивесити пресс» әдіскері Мартин Кертис, Йемен, Ливан және Қазақстандағы «Оксфорд Юнивесити пресс» аймақтық тренигтік үйлестірушісі Пол Вудфолл және АҚШ Мемлекеттік департаментінің маманы Сандра Ли қатысты.

Конференцияның мақсаты - шет тілінде оқытатын мұғалімдерді оқытудың негізгі міндеттерін анықтау, үш тілде білім беру мен жаңартылған бағдарламаларда оқыту және олардың шешу жолдарын талқылау, сондай-ақ қазіргі заманғы мектептің мемлекеттік бағдарламасы мен міндеттерін ескере отырып шығармашылық тәсілдерді талқылау. Атап айтқанда, Қазақстандағы үштілді білім беруді дамыту мен жұмыс істеудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқытудың құзыреттілік тәсіліне негізделген тренинг.

Дархан конференцияға қатысып, TEDx жаңа форматында баяндама жасады, солай, үздік баяндама ретінде дипломмен марапатталды. Баяндама тақырыбы - ағылшын тілі дағдыларын жетілдіру және тілдік кедергілерді жеңу мақсатында ШҚМТУ-да пікірталас клубын өткізу тәжірибесі.

Оның айтуынша, бұл конференция әр қатысушыға үлкен мүмкіндік береді.

- Үш тілді саясатты дамытуға мүдделі адамдармен танысу мүмкін болатын кездер сирек кездеседі, - дейді Дархан Әшімов. - Конференция оқытудың түрлі әдіс-тәсілдеріне бағытталған секцияларға бөлінді. Білім беру әдіс-тәсілдері жайында  сөйлесу - бұл тек теория емес, мұқият зерттеген, әрбір қатысушы жеке тәжірибесінде кездестірген ақпарат. Осындай конференцияларда қандай құралдарды шектеп,  ал қайсысын пайдалану керектігі туралы толық және айқын көрініс анықталды. Сондай-ақ, бұл - жоғары білікті шетелдік мамандармен танысу және оларды оқытудың құпияларын білудің керемет мүмкіндігі. Конференцияны ұйымдастырушы Татьяна Летяйкина мен менің тәлімгерім әрі ғылыми кеңесшім Татьяна Колесниковаға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Бүгінгі күні ағылшын тілінде сөйлеуді жетілдірудегі ең үлкен сұрақтардың бірі және ағылшын тілін үйренетін Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері арасында ең көп тараған мәселесі - тілдік кедергіні жеңу. Талқылау платформасын пайдалану - бұл мәселенің шешімдерінің бірі.

Еске салайық, 2015 жылы ағылшын тілінде пікірталас клубы АҚШ бұрышында бастау алды. Жетістікке жеткеннен кейін студенттер Жетібай Бәйтенов пен Әділбек Рүстемов осы платформа жайындағы идеяларымен бөлісіп, ШҚМТУ-да “Freedom” атты ағылшын тіліндегі дебат клубын құрды. Клуб студенттік өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейді. Клуб ұйымдастырушылары пікірталасқа қатысушылардың ағылшын тілін айтарлықтай жақсартып, тілдік кедергілерді жеңу жолдарын көрді. Пікірсайыс  студенттерді танымал тақырыптар мен әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін ағылшын тілінің дағдыларын пайдалануға ынталандырудың жақсы платформасы болып табылады.

Клуб пікірталастар үшін арнайы әдебиеттерді ұсынады және студенттерге тілдік құрылымдарды пайдалануды жақсартуға көмектеседі. Тілдік дағдыларды дамытуға арналған «орман өрісі» техникасының бір түрі қолданылады. Дебат әдетте Карл Поппер жүйесінде жүргізіледі, бұл жаңа қатысушылар үшін жақсы сынақ. Тәлімгерлер қатысушыларға өз қателіктерінен үйренуге көмектесетін объективті баға береді. Нәтижесінде, студенттерге көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектесетін бірқатар дағдылар алады. Клубта шетелдік қонақтар бар, олар тікелей дискуссияларда немесе түрлі пікірталастарда қатысады.

Сауалнамаға сәйкес 10 оқушының 8-і сөйлеу дағдыларын жетілдіретіндігін атап өтті. Пікірталас кклаубының үш қатысушысы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сұхбаттасудан табысты өтті. «Freedom» пікірталас клубы қаланың жоғары оқу орындары арасында көп тілді пікірталас өткізуге шақырту алды. Пікірсайыс тілік кедергіні жеңудің жақсы құралына айналды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ шетел тілдері кафедрасының
аға оқытушысы Т. Колесникова