Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Капитал будущего» жобасы аясында университеттің Психологиялық қызметі ұйымдастырған оқытушылардың жазғы мектебі «ПсихоЛогос» өз жұмысын бастады.

Жазғы мектепке байқау негізінде іріктелген 23 оқытушы қатысты. Бес күн бойы олар эмоционалды интеллектіні дамытуға, өзіндік сенімділікті нығайтуға және жеке тиімділікті арттыруға бағытталған сабақтардан өтеді.

Жазғы мектеп бағдарламасы дәрістерді, психологиялық тренингтерді, практикумдарды және рефлексияны қамтиды. Әр күн мына өзекті тақырыптарға арналады:

  • қазіргі білім берудегі эмоциялық және кәсіби өзгерістер;
  • білім алушылардың девиантты мінез-құлқымен жұмыс;
  • агрессия мен автоагрессияны түсіну;
  • стресс және эмоционалды күйіп кету;
  • оқытушының өзіндік идентификациясы және ішкі ресурстары.

Жоба мақсаты – оқытушылардың эмоциялық саналығын және эмпатиясын дамыту, стресске төзімділігін арттыру, кәсіби сенімділігін күшейту. «ПсихоЛогос» оқытушылардың кәсіби қауымдастығында тәжірибе алмасуға, еркін қарым-қатынас орнатуға және жеке әрі кәсіби дамуға мүмкіндік беретін алаңға айналады.