Қазақстанда Қаржылық қауіпсіздік диктанты FinIQ басталды.
Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану дағдыларын қалыптастыру.
Диктант онлайн форматта өтеді – небәрі 20 сұрақ және 25 минут!
Қатысушыларға сертификаттар мен жеңімпаз дипломдары табысталады, ал үздіктер - еске алу сыйлықтарына ие болады.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бұл бастаманы белсенді қолдады. Диктантқа барлық факультет студенттері, оқытушылар, қызметкерлер мен университет ардагерлері қатысты.
Бұл - жастардың қаржылық мәдениетін және жауапкершілік сезімін арттырудағы маңызды қадам болды.
ШҚТУ заманауи азаматқа қажетті білім мен құзыреттерді дамытуға әрдайым басымдық береді – соның бірі қаржылық қауіпсіздік саласы.
FinIQ диктантына amlacademy.kz/finiq сайтында қосылып, өз қаржылық сауаттылығыңды тексер!