Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Г3-208 аудиториясында жарық шамының қысқа тұйықталуы орын алды.
Жағдай дер кезінде оқшауланып, зардап шеккендер жоқ.
Университеттің барлық қызметтері жедел әрі үйлесімді әрекет етті, қауіпсіздік жоспарына сәйкес жұмыс атқарылды.
Қазіргі уақытта университетте республикалық деңгейдегі қауіпсіздік бойынша оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бұл жағдай кезекші және төтенше қызметтердің әрекет ету алгоритмін тиімді сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.
Жағдай толық бақылауда, студенттер мен қызметкерлерге ешқандай қауіп жоқ.Оқу процесі қалыпты режимде жалғасуда.