Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында өткен «BILIM JÁNE BOLASHAQ» халықаралық білім беру көрмесіне Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті белсенді түрде қатысты. Іс-шара SANA халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен ұйымдастырылып, өңір абитуриенттеріне техникалық білім мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталды.
Университет атынан көрмеге профориентация менеджері Серікболқызы Наргиза және «Адалдық орталығы» менеджері Нязбек Жұлдыз қатысып, абитуриенттерге инженерлік бағыттағы оқу бағдарламалары, қабылдау ережелері, гранттық мүмкіндіктер және университет инфрақұрылымы туралы толық ақпарат берді.
Көрме барысында абитуриенттер тау-кен металлургиясы, энергетика, ақпараттық технологиялар, машина жасау, құрылыс, геология және басқа да техникалық мамандықтар бойынша кеңес алды. Сондай-ақ олар университеттің зертханалары, өндірістік тәжірибе базалары және дуальды білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
ШҚТУ стендіне абитуриенттердің қызығушылығы жоғары болды. Көптеген жастар инженерлік мамандықтардың болашағы мен еңбек нарығындағы сұранысқа қатысты сұрақтарын қойып, кәсіби бағдар алды.