Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті QS Stars рейтингінде ең жоғары баға - 5 жұлдызға ие болды. Бұл тек халықаралық аудиттің жоғары нәтижесі ғана емес, сонымен қатар ШҚТУ-дың сапалы білім беруі, сұранысқа ие түлектері, дамыған ғылыми ортасы және белсенді халықаралық ынтымақтастығы бар заманауи университет ретінде сенімді дамып келе жатқанын көрсетеді.
QS Stars жүйесі университеттерді көптеген көрсеткіштер бойынша бағалайды: оқыту сапасы мен инфрақұрылымнан бастап, тұрақты даму, ғылыми-зерттеу қызметі, түлектердің жұмыспен қамтылуы және халықаралық деңгейдегі қатысуға дейін. Бағалау қорытындысы бойынша ШҚТУ 5 жұлдыз алды:
- оқыту «Құрылыс» білім беру бағдарламасы;
- инфрақұрылым;
- тиімді басқару және қоршаған ортаға әсер;
- түлектердің жұмыспен қамтылуы;
- халықаралық қатысу бойынша.
«Академиялық даму» санаты 4 жұлдызбен, ал «Өнер» санаты 3 жұлдызбен бағаланды.
Бұл нәтиже ШҚТУ-дың тек халықаралық стандарттарға сай екенін ғана емес, сонымен қатар студентке сапалы білім, практикалық мүмкіндіктер және нақты мансаптық перспективалар ұсынатын заманауи білім беру ортасын қалыптастырып отырғанын дәлелдейді.
QS Stars жүйесі бойынша 5 жұлдыз алу ШҚТУ-дың халықаралық академиялық кеңістіктегі позициясын күшейтеді, талапкерлер, оқытушылар мен серіктестер үшін тартымдылығын арттырады және университеттің әрі қарай дамуының маңызды кезеңі болып табылады.