Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарма отырысы өтті. Жиын басында «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының докторанты Назенова Г.  және «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» білім беру бағдарламасының докторанты Зикирова К. докторы дипломдары табысталды.

Одан кейін университет қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды. Күн тәртібінде білім беру бағдарламалары пәндерінің оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуі мәселесі талқыланды. Бұл туралы ғылыми кітапхананың басшысы О.Н. Дроздова баяндама жасады.

Сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жол картасының орындалуы туралы маркетолог М.Е. Пашков есеп берді.

Отырыс барысында ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші актілерінің нормаларын түсіндіру мәселесі қарастырылып, заң қызметінің басшысы А.Р. Хакимова түсіндірме берді. Сонымен қатар университет мектептері бойынша штаттың толықтырылуы мәселесі талқыланды.