Университеттің Бас корпусында KAZ Minerals компаниясы өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру іс-шаралары өтті.

16 сәуір күні студенттер, түлектер және мектеп оқушылары сынақтан өту үшін сұхбатқа қатысу мүмкіндігіне ие болған мок-интервью өтті, онда Рекрутерлер А. Сейіткерова мен Ж. Рамазанова іріктеуден сәтті өту бойынша кеңестерімен бөлісіп, тәжірибеден өту, мансапты бастау және компания грантын алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

17 сәуір күні KAZ Minerals компаниясының қазіргі жұмыс істеп жүрген мамандарының қатысуымен қонақ дәріс болды.

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС жабдықтардың сенімділігі жөніндегі аға инженері Д.Бейсенали «KAZ Minerals-та жабдықтардың сенімділігі» тақырыбында баяндама жасады.

Оксидті кендерді байыту қызметінің бастығы Э. Сәрсембаев «Үйінді шаймалау және SX-EW: Ақтоғай КБК-да мыс алудың заманауи тәсілі» тақырыбын ашып көрсетті.

Іс-шарада интерактив қолданылды: студенттер үшін дәрістер тақырыбы бойынша квиз өткізілді. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, ең белсенділері компания тарапынан сыйлықтарға ие болды.

Студенттер мен қонақтар талқылауларға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тау-кен саласының тәжірибелі мамандарынан құнды білім алды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жаңа кездесулерді күтеміз!