ШҚТУ Жоғары IT-колледжі Д. Серікбаев атындағы колледжде 07161300 «Автомобиль көліктерін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер декадасы ұйымдастырылды. Іс-шара оқу және практикалық бағыттағы түрлі форматтарды біріктіріп, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды.
Декада аясында 4 курс студенттері үшін «Идеядан қорғауға: ТО мамандығы бойынша дипломдық жобаны жазу әдістемесі» атты оқыту семинары өткізілді. Семинарды оқытушы Зейноллаева Е. жүргізді. Қатысушылар дипломдық жобаның құрылымы, оны рәсімдеу және қорғау талаптары, сондай-ақ бітіруші ғылыми жұмыстардың практикалық маңызы туралы толық ақпарат алды. Іс-шара түлектерді қорытынды аттестацияға дайындаудың маңызды кезеңі болды.
24-ТО-1к және 24-ТО-1р топтарының студенттері үшін заманауи шиномонтаж жабдығымен жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Оқытушылар Шунаков Д., Базарбеков А., Асылбеков Е. жетекшілігімен студенттер заманауи технологияларды меңгеріп, қауіпсіздік ережелерін оқып, кәсіби қызметте қажетті практикалық дағдыларын бекітті.
Декада аясындағы практикалық іс-шара ЖК «Ахмет-Авто» кәсіпорынына кешенді экскурсия болды. 23-ТО-1к және 23-ТО-1р топтарының студенттері автомобиль кузовын бояуға дайындау кезеңдерімен танысып, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және автокөліктерді пайдалану бойынша практикалық дағдылар алды. Оқытушылар студенттерге өндірістік процестердің ерекшеліктері мен автосервис жұмысының заманауи стандарттарын түсіндіріп жүрді.
Сонымен қатар, 22-ТМ-1р тобының студенттері үшін оқытушы Ликунов А. интеллектуалды ойын «Өз ойың» өткізді. Іс-шара форматы студенттердің теориялық дайындығын бағалап, аналитикалық және техникалық ойлау қабілеттерін дамытып, кәсіби білімдерін интерактивті түрде бекітуге мүмкіндік берді.
Өткізілген арнайы пәндер декадасы практикалық бағыттағы оқытудың тиімділігін көрсетті. Іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға және болашақ кәсіби қызметте қажет дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізді.
