Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жыл сайын өткізілетін «Үздік 100 студент» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқау университеттің оқу үдерісінде ғана емес, ғылымда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жетіп жүрген белсенді, дарынды әрі мақсатшыл студенттерді қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

Бүгінде университет тек білікті мамандарды ғана емес, жан-жақты дамыған тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Бұл ұстаным ұлы Абайдың білімді, еңбекқор, жауапты және қоғам игілігі үшін қызмет етуге ұмтылатын тұлғаны қалыптастыруға негізделген «Толық адам» тұжырымдамасымен үндеседі. Осыған орай байқау аясында оқу үлгерімін қоғамдық белсенділікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университет пен өңірдің дамуына қосқан үлесімен ұштастыра білген студенттер ерекше марапатталды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Х. Машекенова құттықтау сөз арнады. Салтанатты рәсімде жеңімпаздарға олардың жетістіктері мен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

«Үздік 100 студент» байқауының жеңімпаздары қатарында:

Қоғамдық қызмет:

  • Базарқат Жандос, 23-БФ-1;
  • Гладышев Андрей, 23-ТТ-1;
  • Исанов Сабир, 22-АУ-1;
  • Кулик Ксения, 22-БЖ-1;
  • Мязова Аделина, 25-МИМ-2.

Ғылыми қызмет:

  • Бауыржанулы Жасулан, 22-ГД-1;
  • Токымбай Ибрагим, 25-БЭК-1;
  • Кайролдин Максат, 24-БЭК-1;
  • Рустемов Ануар, 22-ТФК-1;
  • Ришатулы Олжас, 24-СТИ-1;
  • Красиков Егор, 24-ИС-1;
  • Привалова Ангелина, 23-ИС-1;
  • Кушнер Дмитрий, 22-МК-1;
  • Калжанова Айым, 24-ЗКК-3.

Мәдени-шығармашылық қызмет:

  • Алиева Алсу, 24-БЭ-1;
  • Акежанова Аделия, 22-ЗК-1;
  • Аманкельдинов Диас, 22-ЗК-1;
  • Бейсенбекова Нурай, 22-МИ-1;
  • Ерболкызы Зарина, 25-ТФК-1;
  • Зарыкканова Алтынай, 22-ЛДК-1;
  • Саветканова Арна, 22-МИК-1;
  • Словцова Александра, 22-МТ-1;
  • Талгат Мади, 24-ГТ-1;
  • Турысбеков Ануар, 24-БЖК-1;
  • Тусупов Ералы, 24-ГР-1.
  • Оқу қызметі:
  • Кожина Аделина, 24-БЭ-1;
  • Темирбекова Айша, 24-БФК-1.

Спорттық қызмет:

  • Бердиханова Жулдуз, 24-ТФК-1;
  • Сериков Амиржан, 25-МТК-1;
  • Сайлапкеров Санжар, 24-ГТК-1;
  • Томанов Мейржан, 25-ГРК-1;
  • Третьяков Руслан, 24-СС-1;
  • Кабдуали Аружан, 24-ЗКК-1.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге, жарқын жобаларға және биік мақсаттарға нық қадам басуларына тілектеспіз. Бүгінгі марапат кәсіби және тұлғалық дамудың жаңа белесіне бастар маңызды қадам болып, қол жеткізген жетістіктеріңіз жаңа жеңістерге шабыт берсін.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті өз студенттерін мақтан тұтады және білімімен, бастамашылдығымен әрі адал еңбегімен университеттің, өңірдің және еліміздің дамуына үлес қосып жүрген жастарды әрдайым қолдайтын болады.