Академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша республикалық кәсіби семинар бағдарламасы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында бір апта бойы өтеді. Жиналғандардың алдында: Басқарма Төрағасы - ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы университеттің алдағы бес жылға арналған бағдарламасы мен даму перспективалары, оны академиялық салада да, ғылым мен қоғамдық салада да Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒжЖБМ) жалпы курсымен интеграциялау жөнінде сөз сөйледі. ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Динара Тұрарбекқызы Жұманова Шығыс Қазақстан облысының ғылым, білім және адами әлеует саласындағы даму перспективалары туралы айтып берді. ҚР ҒжЖБМ жобалық кеңсесінің академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Фатима Надыровна Жақыпова Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Министрліктің осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.ҒжЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы ғылыми кадрларды даярлаудың ықпалы мен сапасы туралы баяндады.

Жалпы, семинарда спикерлер мен қатысушылар білім және ғылым саласындағы өзекті тақырыптар - Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің моделін, еліміздің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, білім беруде жасанды интеллектті енгізу мен зерделеуді қарастыратын болады. Жаңа әдістер мен тәсілдер университеттер мен оқытушыларға білім беру процесін ілгерілетуге және жақсартуға көмектеседі.