Құрметті Қуат Қорғанұлы!

Сізді 20300 - Машина жасау ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл сіздің ғылыми қызметіңіз бен машина жасау саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жұмсалған орасан зор еңбегіңізді лайықты бағалау деп білеміз.

Сіздің жаңа атағыңыз ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарды одан әрі дамыту үшін тағы бір керемет ынталандыру болатынына сенімдіміз. Сізге табыс, ғылыми салада жетістіктер тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы.