Бүгін көрнекті ғалым, ойшыл, ағартушы Евгений Иванович Григорьевтің (1930–2012) туғанына 95 жыл толып отыр. Ол өз өмірін Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең зерделеуге, гуманизм философиясын тануға арнады. Оның әріптестері: «Абай ол үшін зерттеу нысаны ғана емес, рухани оянудың, адамгершілік күш пен ізгіліктің қайнар көзі болды» – деп атап өтеді.

Философия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Григорьев Абайдың гуманистік концепциясын алғашқылардың бірі болып терең ашып көрсетті. Ол бұл ілімді – рух, ақыл мен жүрек үндестігі, ар-ұятпен өмір сүретін, жақсылық жасап, жарық шашатын кемел тұлға идеалы ретінде ұсынды. Ол өз еңбектерінде: «Адам жай ғана ойлай алатын тіршілік иесі болмауы керек, адам – ізгілікке ұмтылатын, сезіне алатын, адамгершілігі мол жаратылыс иесі болуы тиіс» – деп жазды.

Бүгінгі таңда адамзат тағы да рухани бағдар іздеген сәтте, Евгений Ивановичтің еңбектері ерекше маңызға ие. Философ-гуманисттің шығармашылық мұрасы қазіргі қоғамда «Толық адам» идеясын іске асыруда басты адамгершілік-этикалық негіздердің біріне айнала алады. Ол нағыз білім – жан тәрбиесінсіз, ішкі мәдениетсіз, адамға деген сүйіспеншіліксіз мүмкін емес екенін үйретті.

Е.И. Григорьевтің «Сөзіме құлақ түріңіздер», «Ұлы даланың Прометейі», «Адам бол!» және тағы басқа төл туындылары бар. Бұл еңбектерінде философ оқырманның жүрегіне жол тауып, Абайдың өсиеті «Адам бол!» ұранын жеткізеді:

Университет қабырғасында оның рухани аманатын дәріптеу мақсатында арнайы таңдау курсы енгізілген. Бұл курс – студенттерге Абай мен Григорьев мұрасын ұштастыра отырып, адамгершілікке үндейтін «Адам бол» курсы.

Евгений Ивановичтің сөзі мен рухы – ақылға, мейірімге, нұрға сенетін студенттердің, зерттеушілердің, ұстаздардың жүрегінде өмір сүре бермек.

Оның шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келетін, немесе Евгений Ивановичті ұмытпай еске алғысы келетін барша жанға 5 жыл бұрын түсірілген деректі фильмді көруге кеңес береміз.