Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің кәсіби жолыңыз - университетке, ғылымға және құрылыс саласына адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Ғылыми-педагогикалық қызметіңізде бірнеше буын білікті мамандарды тәрбиелеп, оларға біліміңіз бен мол кәсіби тәжірибеңізді, таңдаған мамандығына деген жауапкершілік пен адалдықты дарытып келесіз.

Сіздің бойыңызда ғалымның терең білімі, тәжірибелі инженердің кәсіби шеберлігі және ұстаздық қасиет үйлесім тапқан. Құрылыстағы BIM-жобалау ғылыми-өндірістік орталығына жетекшілік ете отырып, студенттермен белсенді жұмыс істеуді жалғастырып, ең маңызды құндылық – ғылым, білім және нақты өндіріс арасындағы сабақтастықты нығайтып келесіз. Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, жұмыс сапасына деген талапшылдығыңыз және үнемі дамуға ұмтылысыңыз әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің зор құрметіне ие.

Көп жылғы тәжірибеңізді жас ұрпаққа жеткізіп, кәсіби сабақтастыққа үлес қосып келе жатқаныңыз ерекше құрметке лайық. Студенттер үшін өз ісінің нағыз маманынан тәлім алу - тек кітаптан білім алумен шектелмей, инженерлік ойлау жүйесін, еңбек мәдениетін және атқарған жұмыстың нәтижесіне жауапкершілікпен қарауды үйренудің үлкен мүмкіндігі.

Осынау айтулы күні Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат және жаңа шығармашылық идеялар тілейміз! Әрдайым жаныңыздан жақындарыңыз, сенімді әріптестеріңіз бен алғысқа бөленген шәкірттеріңіз табылсын. Саналы ғұмырыңызды арнаған еңбегіңіз алдағы уақытта да қуаныш сыйлап, лайықты құрмет пен жоғары бағасын ала берсін.

Мерейтойыңыз құтты болсын, Александр Владимирович! Жаңа жетістіктер, толағай табыстар, шығармашылық шабыт және ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етуіңізге тілектеспіз!

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы