Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Бұл марапат – Сіздің көшбасшылығыңыздың, инженерлік білім беру мен ғылымды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесіңіздің лайықты бағасы. Сіздің басшылығыңызбен университет тек аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ғана емес, халықаралық деңгейдегі маңызды ғылым және білім беру орталығына айналып келеді.

Сіздің жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да университетімізді жаңа жобалар мен ғылыми жетістіктер күтетініне сенімдіміз. Жас ұрпаққа білім беру жолында Сіздің жігеріңіз бен табандылығыңыз университет ұжымына әрдайым шабыт сыйлай берсін!

Құрметпен, ,Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы