Қазақстанда Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Chevron компаниясының қолдауымен "ITeachMe" Қоғамдық қоры ұйымдастырған ITMLab жобасының жаңа маусымы басталды.
ШҚТУ мансап орталығы жобаға қатысу мәселесі бойынша Халықаралық инженерия мектебі мен Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің Техникалық физика, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Медициналық инжиниринг білім беру бағдарламаларының 2-4 курс білім алушыларына "ITeachMe" қоғамдық қорының операциялық директоры Дәурен Бекғожаевпен кездесу ұйымдастырды.
ITMLab 2.0 – мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған жастарға арналған әлеуметтік стартап-инкубатор, мұнда бүкіл ел бойынша студенттер технология мен инклюзия идеяларын әзірлейді. Екінші маусымда жоба ұлттық деңгейге шығады және айтарлықтай масштабталады: онлайн-хакатон іске қосылады, цифрлық шешімдерді әзірлеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі, ал қатысушыларға бизнес-сектор өкілдерінен тәлімгерлік қолдау көрсетіледі.
16 жастан бастап 2-ден 5-ке дейінгі қатысушылар саны бар командалар қатыса алады. Үздік командалардың өз жобаларын іске асыруға 600 000 теңгеден гранттар алу және инвесторлар мен еңбек және әлеуметтік қорғау Министрінің алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі бар. ITMLab жобасына қатысу толығымен тегін!
ITMLab жобасының кезеңдері:
- 1. Өнімді әзірлеу үшін идеяларды қабылдау.
- 2. Қазылар алқасының бағалауына арналған офлайн презентация.
- 3. Мамандармен бірге хакатонда таңдалған идеяларды дамыту.
- 4. Үздік жобалар өз идеяларын жүзеге асыру үшін грант алады.
- 5. Прототиптер демеушілерге ұсынылады және мүгедек адамдардың өміріне ене бастайды.
"ITeachMe" сайтында https://iteachme.github.io/itmlab2.0/winners.html#project-step пайдалы идеяны ұсынуға көмектесетін ақпарат ұсынылған.
Жобаға қатысуға өтінімді 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін мына сілтеме бойынша беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd-UMeq3jbLwZDiEc9KqDGNhvVzNJ3jtkpAgP4ebWyzy_OgMw/viewform.
Кездесу ашық пікір алмасу және достық ортада өтті. Дәурен барлық сұрақтарға жауап беріп, ШҚТУ білім алушыларын ITMLab 2.0 жобасына белсенді қатысуға шақырды.