ШҚТУ ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл марапат Сіздің көп жылғы адал еңбегіңіздің, жоғары кәсібилігіңіздің, жауапкершілігіңіздің және өз ісіңізге берілгендігіңіздің айғағы. Сіздің біліктілігіңіз бен ұқыптылығыңыздың, принципшілдігіңіздің арқасында университеттің қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп, барлық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігі қамтамасыз етіліп келеді.
Сіз әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, еңбекқорлығыңызбен, дәлдігіңізбен және жоғары еңбек мәдениетіңізбен баршаға үлгі болып келесіз.
Шын жүректен Сізге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат және кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбегіңіз әрдайым құрмет пен ризашылыққа бөленіп, жаңа табыстарға жетелей берсін!
Ізгі тілекпен, ұжым атынан,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры
С. Рахметуллина