Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі жоспарын және университеттің кәсіби бағдар беру жол картасын жүзеге асыру аясында  Д. Серікбаев  атындағы ШҚТУ-ның   әскери кафедрасының офицерлері  запастағы подполковник Испулов Қ.С. және запастағы подполковник Солохин Д.В. Өскемен қаласы білім бөліміне қарасты «№24 орта мектеп» КММ-де ерлік сабағын өткізді.

Іс-шара Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың туғанына 80 жыл толуына арналды.

Кездесу барысында Мұхтар Қапашұлының өмірбаянының негізгі кезеңдері, оның Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіндегі еңбегі мен Қарулы Күштердің қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтылды.

Кездесудің екінші бөлімінде оқушыларға университетіміздің құрылымы, оқу формалары және талапкерлерге арналған қабылдау шарттары таныстырылды. 11-сынып түлектері ВКТУ-ға оқуға түсуге шақырылды.