«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ «Электр және гибридті автомобильдердің техникалық сервисінің инновациялық конструкциялары мен технологиялары» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Оқу Лу Бань шеберханасы базасында өтіп, заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды.
Оқу қорытындысы бойынша «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК оқытушылары мен қызметкерлеріне белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.
Университет жаңа әріптестікке ашық және кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби көкжиектерін кеңейтуге, өзекті құзыреттерді меңгеруге ниетті барлық азаматтарды шақырады. «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстары каталогында ұсынылған барлық бағыттар бойынша оқытуды ұйымдастыруға дайын.