2025 жылдың 15-21 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын АР26198933 «Шығыс Қазақстан: Семей және Өскемен қалаларының әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-мәдени трансформациясының траекториялары» гранттық жобасын жүзеге асыру аясында жоба ғалымдары Н.Л. Краснобаева, Г.А. Сарсембаева, Н.А. Махметова Қырғыз Республикасына (Бішкек қаласына) ғылыми сапармен барды.
Сапар барысында зерттеушілер Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетін және А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапхананы аралады. Қазіргі посткеңестік қала кеңістігіндегі әлеуметтік-демографиялық және тарихи процестер мәселелеріне арналған сараптамалық кездесулер мен консультациялар өткізілді.
Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде ғалымдардың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жүйесінің қалыптасуы: тарихы және қазіргі жағдайы» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада Орталық Азия елдерінің посткеңестік кезеңдегі қалалық кеңістіктегі тарихи, демографиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациялар мәселелері бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми іс-шаралар мен салыстырмалы зерттеулер жүргізудің мүмкін бағыттары талқыланды.
Сапар барысында цифрлық құралдардың социологиялық және тарихи зерттеулерде қолданылуының практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. DSR ХҒЗО.
Қызметкерлері қырғызстандық әріптестері мен студенттерге социологиялық деректерді өңдеудің қазіргі әдістерін, цифрлық визуализацияны және әлеуметтік процестерді талдау үшін онлайн-платформаларды қолдануды ұсынған шеберлік сыныбын өткізді.
Ғылыми сапар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы академиялық байланыстардың нығаюына, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне және қалалық кеңістіктің трансформациясын зерттеу бағытында бірлескен зерттеу бастамаларының қалыптасуына ықпал етті.
DSR ХҒЗО