Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқытушысы Ескермесов Дидар Кайратович Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәтті іріктеліп, 2025–2026 оқу жылында Испанияның University of Cadiz университетінде KA171 Incoming Programme аясында қызмет атқаратын болады.

Бағдарлама шеңберінде Дидар Кайратович Materials Science and Engineering (материалтану және материалдар инженериясы) саласы бойынша оқытушылық қызмет жүргізеді. Оның қызметі озық білім беру және ғылыми тәжірибелермен алмасуға, университетаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізуге бағытталады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушыларының Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысуы халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, инженерлік білім беру сапасын арттыруға және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

Ескермесов Дидар Кайратович сәтті іріктелуімен құттықтай отырып, жемісті оқытушылық қызмет, жаңа ғылыми байланыстар және барлық жоспарланған академиялық бастамалардың табысты жүзеге асуын тілейміз.