Стамбұл университетінде ғалымдар жасанды интеллект, когнитивтік психология және білім беру үдерісіндегі педагогикалық инновацияларды зерттеуге арналған халықаралық симпозиумға қатысты.

Аталған іс-шара барысында заманауи зерттеу тәжірибелері жөнінде ақпарат алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар Стамбұл университетінің ғалымдарымен және симпозиумға қатысқан қазақстандық әріптестермен бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізу мен салыстырмалы зерттеулер жүргізудің ықтимал бағыттары талқыланды.

Ғылыми іссапар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін арттыруға, сондай-ақ жаңғыру жағдайындағы отбасы институтының трансформациясын зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми бастамаларды қалыптастыруға ықпал етті.

«Digital Social Research» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы