15 ақпан күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ бас ғимаратының бағаналы залында Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы Мемлекеттік Бағдарламасы аясында білім алған магистратура мамандықтары бойынша бітіруші екінші лек түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

Келесі оқу дағдарламалары бойынша: 6M070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындары мамандығының «Аса маңызды металлдарды іздеу және барлау»,  6M070900-Металлургия мамандығының «Түсті, асыл, сирек және шашыраңқы металдарды алудың инновациялық технологиялары», «Тау-кен және металлургия саласындағы жобалау және инжиниринг», 6M071200 –Машина жасау мамандығының «Көлік техникаларындағы инжиниринг және инновациялар», «Машина құрастырудағы киберфизикалық жүйелер», сондай-ақ  6M071700-Жылу энергетикасы мамандыңының «Өнеркәсіп пен ғимараттардағы энергиялық тиімділік» бағдарламалары бойынша білім алған үздік түлектерге «Техника және технологиялар магистрі» біліктілігі тағайындалынып, дипломдар табысталды.

Салтанатты рәсімге облыстың ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ түлектердің туыстары қатысты

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі