Әлеуметтік келісім орталығы  - Достық үйінде ШҚО ҚХА жастар лигасының кездесуі өтті. Іс-шараға университетіміздің 17 МТ-а тобының студенттері: Нурканова Мадина, Нуршарипова Қымбат, Оралтаева Әсем, Смағұлова Данагүл және  Ибраимова Дина қатысты.

Кездесу барысында ҚР мемлекеттік қызмет бойынша Агенттігі Департаментінің ШҚО сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасының бас маманы A.Аскар  "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ҚР Агенттігінің мемлеткеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу Департаментінің ШҚО ҚХА жастар лигасымен ынтымақтастығы" тақырыбында баяндама жасады.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі