Тәуелсіз аккредитациялық және рейтингілік агенттігі Қазақстан Республикасының   жоғары оқу орындарының  мамандарды дайындаудағы деңгейлері мен бағыттары  бойынша 2014 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде Тәуелсіз рейтингісін  ұсынып отыр. Оның нәтижесі бойынша Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті бакалавриаттың 17 мамандығы бойынша, магистратураның 16 мамандығы бойынша, докторантураның 1 мамандығы бойынша  жүлделі орындарды алып, еліміздің ең үздік 20 жоғары оқу орындары арасында төртінші орынды иеленді.