Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері облыстық прокуратура ұйымдастырған «Студенттер Заң үшін!» іс-шарасына белсенді түрде қатысты.

Аталған кездесу Мемлекет басшысы бастама берген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету, сондай-ақ әділеттілік идеологиясын қалыптастыру және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.

Іс-шара Өскемен қаласының студенттік жастар қауымын біріктірді. Бұл әрине кездейсоқтық емес, себебі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының идеяларын ілгерілетуде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралардың маңызы зор.

Кездесу барысында спикерлер қаладағы қауіпсіздік, студенттерге қолайлы орта қалыптастыру, әлеуметтік қатерлердің алдын алу, интернет алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру, буллинг секілді секілді қауіпті қатерлерден сақтану жолдары және кішкентай балалар мен жасөспірімдерді қорғау туралы ақпараттармен бөлісті.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар ала алды.

Жастардың заңға құрметпен қарауы – қауіпсіз қоғамның негізі!