Астанада WorldSkills Kazakhstan – 2025 Халықаралық республикалық чемпионаты аяқталды!

 Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазастан облысының командасы республикалық ондыққа кірді! Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі төрт бағытта сынға түсті, оның екеуі жеңімпаздық атаққа ие болды!

Бұл жетістіктер –  қатысушыларының, тәлімгерлер мен сарапшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Командамыздың табыстарына мақтан тұтамыз және оларға жаңа жетістіктер тілейміз!

«Кәсіпте үздік» медальондарының иегерлері:

  • Құрғақ құрылыс ерітінділері және сылақ жұмыстары — Қабылқайыров Қуат, жетекші Омартаева Айнур.
  • Компьютерлік ойындарды 3D-модельдеу — Секішев Әли, жетекші Балтабекова Алуа.

Чемпионатқа дайындалуымызға және қатысуымызға қолдау көрсеткендердің барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.