Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті мәселелердің бірі - жастардың заманауи цифрлық және кәсіби дағдыларын дамыту болып табылады.
Осы бағытта Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 1-курс студенттері «COURSERA QAZAQ TILINDE» жобасына қосылып, COURSERA платформасындағы халықаралық онлайн-курстарды белсенді түрде меңгере бастады. Сонымен қатар, COURSERA онлайн-курстары оқу процесіне енгізіліп, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде.
Жобаның мақсаты - студенттердің халықаралық онлайн-курстарға қолжетімділігін кеңейту және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Университеттің бұл бастамаға қатысуының арқасында студенттер халықаралық COURSERA білім беру платформасында оқып, заманауи цифрлық құралдар мен жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік алды!